«Қазіргі қазақстандық журналистикадағы кәсіби этика және адам құқығы» тренингі
2020 жылғы 30 қазан
сағат 16:00-де
Тренинг қандай мамандарға арналған: - БАҚ өкіліне: TV-журналист, газет тілшісі, сайт/портал редакторы және т.б. - Фрилансерге - Блогерге - Вайнерге - Көпшілік алдына шығып сөйлейтін тұлғаға
Талқыланатын мәселелер:
- Журналист этикасы: Қазақстан журналисттері қарапайым этиканы сақтай ма?
- Журналист адам құқығын бірінші болып сақтайтын маман – іс жүзінде қалай?
- БАҚ қоғамдық пікірді қалыптастыратын құрал: құндылықты таратуда, жалпы ақпарат таратуда тәрбиеге үлесі
- Медиасауатты журналист – медиасауатты қоғам
Қандай дағдыларды дамытамыз:
- Журналисттің жеке пікірін кәсібімен шатастырмауын: нақты материалдарды жіктеу арқылы
- БАҚ бетінде адам құқығын таптайтын терминдерді ажырату/білу: нақты материалдарды жіктеу арқылы
- Журналисттің адам құқығын сақтауға қатысты базалық құқықтық нормаларды меңгеруі: нақты заңдар нормасымен танысу
- Журналист этикасына қатысты қазақстанда қабылданған және халықаралық нормалармен танысу
Салтанат Әскербекқызы
медиа-тренер, TEDxAstana конференциясының спикер дайындайтын тренері, медиасауаттылық жөнінде тренер (Интерньюс), PR жөнінде маман әрі тренер (орыс және қазақ тілінде). Алматы Халықаралық Журналистика Институтының түлегі (1998). Бірінші мамандығы – журналист-аудармашы (фарсы тілі).
- «31 арнаның» «Информбюро» жаңалықтарының жауапты редакторы, дикторы
- kaspi bank баспасөз қызметінің бас маманы
- «ҚазТРК» ұлттық арнасының ДИАП директорының орынбасары
- «Астана Опера» МОБТ баспасөз қызметінің жетекшісі
- Astana PR-шы клубының мүшесі
БАЙЛАНЫС
Қосымша сұрақтар мен ұсыныстарыңыз болса, бізбен хабарласыңыз. Міндетті түрде жауап береміз! Ізгі ниетпен, QazForum 2020 ұйымдастыру комитеті